Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші жол апатын жасады

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер мас күйінде Daewoo Nexia автокөлігін басқарған 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол кешкі сағат 20:40-та Қосшығұлұлы көшесінде Seat автокөлігімен жол-көлік оқиғасын жасады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келді. Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша Daewoo Nexia жүргізушісі “жеңіл дәрежедегі” мас күйінде болған.

Жүргізуші осы жылдың тамыз айында 7 жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Мас жүргізушілердің кінәсінен болатын апаттың алдын алу – елордалық полицияның басты міндеті болып қала береді. Күнделікті жол қозғалысын қадағалау және мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру