Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті қолға түсті

Астанада өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, Seat Toleda автокөлігінің ұрланғанын хабарлаған. Үй иесінің айтуынша, ол үйге келгенде көлігін көрші аулаға қойған. Сонымен бірге ол оталдыру кілтін құлыпта қалдырғанын да жеткізген.

Елордалық полицейлер бірден ұрланған көлікті іздестіру мен ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысты деген күдікпен 32 жастағы елорда азаматшасын анықтаған. Камераларды қарап отырып, полицейлер ұрының ізіне түскен. Анықтай келгенде көлік Кравцовая көшесіндегі аялдама маңына қалдырылған күйде табылған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену (айдап әкету) мақсатынсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру