Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік оқушылар полиция музейіндегі мыңдаған экспонатпен танысты

Шымкенттік оқушылар полиция музейіндегі мыңдаған экспонатпен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының полиция департаменті музейінің меңгерушісі Гүлнәр Шалқарқызы экскурсия жасауға арнайы келген кезекті қонақтарды күтіп алды. Бұл жолы полицияның тарихымен танысуға Д.Қонаев атындағы мектептің 10-сынып оқушылары барды.

Экскурсия барысында білімгерлер департамент музейінің залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Шарен Бекенов құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуды мақсат еткен жастарға полицейдің күнделікті жұмысы туралы айтып, бұл қызметке орналасудың талаптарын түсіндірді.

Қазіргі таңда, мұражайда 4 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қолсағаттары, тіпті қызметтік формалары бар. Сондай-ақ мұнда полицейлердің мотокөлігі және өткен ғасырдағы басшылар отырған үстел, майшамдар, қару-жарақ түрлеріне дейін әкелінген.

Айта кетейік, мұндай экскурсиялар балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға зор үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру