Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер үнді марихуанасының ірі партиясымен есірткі дилерін ұстады

Астанада полицейлер үнді марихуанасының ірі партиясымен есірткі дилерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Астана қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың 31 жастағы тұрғыны ұсталып, жеке тексеру кезінде одан өсімдік тектес есірткі заты бар 13 қорап тәркіленді. Кейіннен полицейлер ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде 1 келіден астам үнді марихуанасын тәркіледі. Есірткіні әрі қарай сату үшін алдын ала оралып, дайындалған.

Сонымен қатар, тұрғын үйді тінту кезінде сараптама қорытындысы бойынша атуға жарамды газ тапаншасы табылды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 1 келі 300 грамды құрады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізу және сатумен айналысатын жеткізу арнасы мен сыбайластары орнатылуда.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 250 келіден астам әртүрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру