Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Таза Қазақстан" акциясы аясында үш жүк көлігінің жүргізушісіне шара қолданылды

Астанада "Таза Қазақстан" акциясы аясында үш жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері заң талаптарын өрескел бұзу деректерін анықтады.

Қалаға кіреберісте 39 жастағы жүргізуші басқарған HOWO SINOTRUK жүк көлігі тоқтатылды. Алайда жүргізуші полицияның заңды талаптарына бағынбай, жол бойына ұсақ тастарды төгіп, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Сот шешімімен оған 18 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды.

Сондай-ақ Астрахань тас жолы маңында түнгі тексеру барысында екі жүк көлігі тоқтатылды. Жүргізушілер тексерістен бас тартқан. Кейін олардың басшысы – "АРE" ЖШС-нің иесі келіп, жүргізушілерге жол үстіне топырақ төгуді тапсырған.

Нәтижесінде жол инфрақұрылымына зиян келтіріліп, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына ашық түрде бағынбау фактісі тіркелді. Сот шешімімен жүргізушілердің әрқайсысы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбау қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

"Таза Қазақстан" акциясының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қала тазалығын сақтау және азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру