Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тұрғынға 7 млн теңге шығын келтірген пәтер ұрылары анықталды

Астанада тұрғынның пәтерінен 6 құндыз тоны және екі теледидар ұрлаған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғынның айтуынша, 12 ақпанда белгісіз біреулер пәтеріне кіріп, жеке мүлкін: 6 құндыз тоны мен Samsung және Hisense екі теледидарын ұрлап , 7 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

– Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Камералар қаралып, куәгерлерден жауап алынды. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасаған тұлғалар анықталды. Олар 25 және 30 жастағы елорданың екі тұрғыны болып шықты. Оның бірі Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Есіл аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбшекенов.

Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Сондай-ақ ұсталғандардың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар бойынша бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып және сотталғаны анықталды.

Полицейлер аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру