Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткі сақтап, жасырын сатпақ болғандар ұсталды

Атырауда есірткі сақтап, жасырын сатпақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бағытында бірқатар жедел-іздестіру шараларын өткізіп жатыр. Мәселен, облыс аумағында есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен БҚО тұрғынын анықтап, оның жалдамалы пәтеріне тінту жүргізу кезінде қара сөмке ішінен 1 келіге жуық есірткі тәркіледі. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша тәркіленген құрғақ өсімдік гашиш есірткісі екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша күдікті құмар ойындармен әуестеніп, 8 млн теңгеге жуық қаражат қарызданған. Тығырықтан шығу үшін еліміздің оңтүстік өңірінен есірткі тасымалдап сатпақ болған.

Сондай-ақ екінші күдікті Ақмола облысы тұрғынының мекенжайын тексеру кезінде жалпы салмағы 175 грамм болатын синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдікті Атырау қаласына синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы сату үшін интернет-дүкендердің жарнамасына сеніп қаңтар айында келгені анықталды.

Қазіргі таңда 2 күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру