Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері есірткі қылмысымен күресте кешенді тәсілді жүзеге асырып жатыр

Жастар концерті және 11 келі есірткіні алу – СҚО полицейлері есірткі қылмысымен күресте кешенді тәсілді жүзеге асырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда қалалық мәдениет үйінде “Қазақстан жастары есірткісіз болашақ үшін” ұранымен концерт өтті. Оны ұйымдастыруға облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ғана емес, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты. Петропавл колледждері мен мектептерінен 400-ден астам студент көрермен болды.

Концертте жастар ұжымдары өнер көрсетті. Бағдарламаның басты тақырыбы Kozybayev University студенттерінің бастамашыл тобы дайындаған спектаклі болды. Дарынды жас әртістер нашақордың өмірдің түбіне батып бара жатқанын егжей-тегжейлі көрсетті.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Біржан Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген ҚР-дағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары есірткіні бақылау тетігін жетілдіру, нашақорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру болып табылады.  

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин нашақорлықтың алдын алу жұмысына қосқан үлесі үшін белсенділер, ұстаздар мен өнер адамдарына алғыс хаттарын табыстады.

– Қазақстанда есірткі бизнесіне тартылған жастардың саны жыл сайын өсіп келеді. Жеңіл ақша табуға ұмтылған кешегі оқушылар мен студенттер өмірлерінің ұзақ және қызықты жылдарын қамауда отырып өткізеді. Есірткіні таратқаны үшін 10 жыл өмірін бас бостандығынан айыру, ал заңсыз жарнамалағаны және насихаттағаны үшін 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын әркім білуі маңызды, – деді ол. 

Сондай-ақ полиция полковнигі Сембин есірткі қылмысымен күрестің жай-күйі туралы айтып берді. Айта кетейік, жақында Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері ақпанның 5 мен 9 аралығында өткен «Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасын аяқтаған болатын. Нәтижесінде облыста 13 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде аса ірі көлемде сақтаудың 3 фактісі мен 4 сату фактісі әшкереленді. Заңсыз айналымнан 11 килограмм 169,6 грамм түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру