Астанада велосипед ұрлап кеткен колледж студенті ұсталды
Астанада велосипед ұрлап кеткен колледж студенті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Домофонның әмбебап кілтін пайдаланып, кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп, ДНС-300 велосипедті байқаған. Құлыпты кесу арқылы ол басқа біреудің велосипедін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының жедел қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 17 жастағы колледж оқушысын анықтады.
Кәмелетке толмаған бала мойындау көрсетпелерін берді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған велосипедті тәркілеп, иесіне қайтарып берді, сондай-ақ жасөспірімнің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
– Осыған ұқсас қылмыстардың маусымдық өсуіне байланысты велосипед иелеріне қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ұрлықтың алдын алу үшін сенімді велоқұлыптарды пайдалануды ұсынамыз. Тіпті құлыппен байланған велосипед ұрылардың олжасына айналуы мүмкін. Оны ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз, қырағы болыңыз және өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық шараларды қабылдаңыз, – деп елорда полицейлері тағы да ескертеді.