Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полиция қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Алматы қаласының полиция қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

 

1992 жылы маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай, ІІО қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру аясында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері бұл мерекені таңғы саптүзеуде әнұранды хормен орындаумен атап өтті. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздер – тудың, елтаңбаның және әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады, – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру