Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған мас әйелге айыппұл салынды

Астанада жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған мас әйелге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 03.00 шамасында Тұран көшесінде, “Керемет” моншасының жанында полиция қызметкерлері Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 32 жастағы әйелдің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Сонымен қатар жүргізуші 2019 жылы жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Алайда ол жүргізуші құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін жүргізуші куәлігін алу рәсімінен өтпей, көлікті басқаруды жалғастырған. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші “жеңіл дәрежеде” мас күйінде көлік жүргізген.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Сот шешімімен әйелге 612 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру