Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық азамат есіктің тесікшесіне зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды

Астаналық азамат есіктің тесікшесіне зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны Алматы ауданы полиция басқармасының №8 учаскелік полиция пунктіне пәтердің есігіне зақым келтірген мас күйдегі бұрынғы жұбайына қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірген.

Белгілі болғандай, 41 жастағы астаналық азамат Қалдаяқов көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде бұрынғы жұбайының пәтеріне келіп, есікке қасақана зақым келтіріп, пәтердің нөмірінің сандарын жұлып алып, оның телефонына қоңырау шалуы арқылы зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқаны анықталды.

Алматы ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы астаналыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабына сәйкес (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, полицейлер құқық бұзушыға қатысты 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымын шығарды. Оған сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің еркіне қайшы оны іздестіруге, аңдуға, баруға, ауызша не телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен өзге де тәсілдермен, оның ішінде кәмелетке толмағандарды және (немесе) оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, байланысуға тыйым салынады.

– Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесетін болады, – дейді Алматы ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Марат Өмірбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру