Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық азамат өзгенің жол бойында тұрған көлігін заңсыз айдап кеткен

Астаналық азамат өзгенің жол бойында тұрған көлігін заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, оның түнгі уақытта Әл-Фараби көшесінде жол бойында қалдырған автокөлігін белгісіз біреудің айдап алып кеткендігі туралы арызданған.

Жас жігіт автокөлік есігінің ашық қалғандығын пайдаланып, рөлге отырған. Сымдарды жалғау арқылы көлікті оталдырып, ол оқиға орнынан бірнеше шақырым жүріп, қиылыстардың бірінде автокөлікті қалдырып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты ер азаматты анықтады.

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта оның қала аумағында жасалған өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру