Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер өзгенің шотынан ақша жымқырған алаяқты ұстады

Астаналық полицейлер өзгенің шотынан ақша жымқырған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Тергеу барысында ер адамның көшеде шылым шегіп тұрған жәбірленушіге тақалып, онымен әңгіме өрбіткені белгілі болды. Ол өзін темекі өнімдері бойынша компанияның қызметкері ретінде таныстырып, бір қорап темекіні тегін ұсынған.

Күдікті жұмыс орнына есеп беру үшін жәбірленушінің телефоны арқылы белгілі бір функцияларды орындау керек деген сылтаумен оның телефонын алған. Осылайша алаяқ банктің мобильдік қосымшасы арқылы өзінің шотына 450 мың теңгені аударып алған. Алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру