Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғын қиын сәтте қызына көмек көрсеткен павлодарлық полицейге алғыс білдірді

Астана қаласының тұрғыны Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік бөлімінің қызметкеріне қиын сәтте қызына көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні түскі үзілісте ювеналды полицияның аға инспекторы Ибраева Қайыргүл аялдамада автобус күтіп тұрғанында көзіне жас алған қыз оған жақындаған. Ол қиын жағдайға тап болғанын айтқан. Полиция капитаны қызға бөлімге баруды ұсынған.

Белгілі болғандай, қыз 17 жаста және ол Павлодарға жас жігітпен кездесуге келген. Бірақ онымен жанжалдан кейін қыз бейтаныс қалада сөндірулі телефонымен жалғыз қалды. Қандай әрекет жасау керектігін білмей, қыз дүрбелеңге түскен.

– Қайыргүл Госманқызына менің жағдайымды тыңдап, эмоционалды қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтамын. Сол қайғылы күні мен оны кездестіргеніме өте бақыттымын, ол, айтпақшы, ювеналды полицияның инспекторы болып шықты, – деді астаналық тұрғын.

Қызды тыңдап, онымен сөйлескеннен кейін Қайыргүл Ибраева оның заңды өкілдеріне қоңырау шалып, барлық жағдайды түсіндірген. Ата-аналар дереу Астанадан Павлодарға келді. Инспектор қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді.

– Оңтүстік бөлімінің ювеналды полициясының аға инспекторына алғысымды білдіргім келеді. Өз жұмысын А-дан Я-ға дейін біледі, ашық жан және үлкен жүрегі бар қызметкер. Біздің отбасымыздан үлкен рақмет. Оған денсаулық пен жұмыста табыс тілейміз, – деп жазды Бауыржан Серсембайұлы алғыс хатында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 11 қаңтар күні Қайыргүл Ибраева баласының көзінше күйеуі ұрып-соғып жатқан әйелді құтқарған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру