Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау колониясына дрон арқылы телефон өткізбек болды

Атырау колониясына дрон арқылы телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 желтоқсан сағат шамамен 19:00-де Атырау облысы бойынша ҚАЖД УГ-157/9 мекемесінде (ерлер колониясы) қызметкерлер аспанда белгісіз құрылғының ұшып жүргенін байқаған.

Мекеме қызметкерлері аталған құрылғының қол жетімді жерге төмендеуін аңдып тұрып, тыйым салынған заттың мекеме аумағына кіруін алдын алған. Тексеру барысында құрылғы дрон болып шықты.

Кейін құлаған дроннан бір дана лентаға оралған байлам тәркіленді, оның ішінде бір ұялы телефон және екі USB сымы анықталды.

Аталған факті бойынша жиналған материалдар қосымша тергеу органдарына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру