Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері талқыланды

Атырау облысы полиция департаментінде жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындыланды, - деп хабарлайды Poisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген жедел кеңес өтті. Жиынға департамент басшылығы, аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.

Кеңесте өңірдегі криминогендік ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты сараланды.

Жедел кеңеске төрағалық еткен департамент бастығы Оңал Бекеев Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асырудың маңыздылығына тоқталып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруды басты міндет ретінде белгіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейту, азаматтардың өтініштері мен арыздарына жедел әрі сапалы ден қою, сондай-ақ алдағы уақытта енгізілетін қызмет тиімділігін бағалаудың KPI жүйесіне дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру