Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды

Атырау облысының Жылыой ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру  іс-шараларын жүргізу барысында пәтер ұрлығын жасауға күдіктілер ретінде Құлсары қаласының 1995 және 1994 жылы туған тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында орын алған 15 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдіктілерден алтын бұйымдар мен тұрмыстық техника табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру