Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер дағдарыс орталығындағы аналар мен балаларды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қызылордалық полицейлер “Қамқорлық” дағдарыс үйіндегі аналар мен балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығында орналасқан “Қамқорлық” дағдарыс үйіне барды.

Қызылордалық полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Орталықта қиын өмірлік жағдайға тап болған 60-қа жуық әйел мен олардың балалары тұрады. Департамент қызметкерлері “Қамқорлық” дағдарыс үйіндегі аналар мен балаларды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекелік дастархан жайды.

– Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында “Қамқорлық” дағдарыс үйіне келіп, орталықты паналаған жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлау туралы шешім қабылдады. Полиция қызметкерлері әрқашан көмекке келуге дайын – бұл бір реттік іс-шара ғана емес, біз осындай акцияларды әрдайым өткіземіз, – деді Қызылорда облысының ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Артур Нұржанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру