Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті

Атырау облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы профилактика кеңесі мүшелерімен бірлесіп, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 80-ге жуық студентімен жүздесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары заңға қайшы әрекеттердің салдарына кеңінен тоқталып, оның тек жеке тұлғаға ғана емес, тұтас қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе, жеңіл табысқа ұмтылудың қауіптілігі, түрлі тәуелділіктердің адам өміріне тигізетін зияны, сондай-ақ мұндай әрекеттердің болашақ мансап пен жеке өмірге кері ықпалы ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар іс-шараға есірткі қылмысы бойынша сотталған азамат қатысып, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол заңсыз әрекеттердің қандай ауыр зардаптарға әкелетінін ашық айтып, жастарды теріс жолдан аулақ болуға шақырды.

Полиция өкілдері мұндай кездесулердің жастар санасында құқықтық иммунитет қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру