Атырау облысының тергеу изоляторында былтыр 120-ға жуық бейнекамера орнатылды
Атырау облысының тергеу изоляторында былтыр 120-ға жуық бейнекамера орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қаңтар күні Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Э. Азимова, Қазақстан Республикасы «Адам құқықтары үшін Хартия» қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық алдын алу тетігі бойынша Адам құқықтар жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі Ж. Турмагамбетовамен арнайы кездесу өтті.
Кездесу барысында жыл басындағы болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан күдікті есебінде қамауға алынғандардың жәй-күйін біліп, жеке сұрақтар бойынша қабылдаулар жүргізілді.
Сонымен қатар, жұмыс барысында тергеу изоляторының санитарлық-эпидимиологиялық алдын алу шараларымен, ұстау жағдайлары, медициналық көмек көрсету және тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарына ерекше назар аударылды.
Өткен жылы 120-ға жуық бейнекамера орнатылған болса, биылдың өзінде 100-ден астамын қондыру жоспарланып отыр.