Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері бақшасына қарасора өсірген тұрғынды ұстады

Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның ауласынан қарасора түптерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау полициясының жедел қызметкерлері күдікті 43 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қаладағы Мұханжанов көшесіндегі үйінің ауласындағы бақшасын тексерген кезде суға түсетін душ кабинасынан белгілі бір иісі бар қара-жасыл өсімдіктің төрт түбін тауып, тәркіледі.Тексеру барысында, полицейлер күдікті азаматтың бақшасынан өсімдіктің тағы үш түбін анықтады.

Сараптама қорытындысы бойынша анықталған өсімдіктер қарасора болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру