Қызылордалық полицейлер көп балалы отбасыларға көмек көрсетті
Қызылордалық полицейлер көп балалы отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақсылық, қайырымдылық, жанашырлық сияқты жаныңа қуаныш сыйлайтын әдемі сөздерді жүзеге асырып, көп балалы, көмекті қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетіп жүрген азаматтар аз емес.
Сондай істердің жалғасы бүгін де біздің әріптестер арасында көрініс тауып отыр. Отбасы күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық Полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары Арал қаласындағы көп балалы екі отбасыға азық-түлік және киім-кешекпен көмек көрсетіп, балаларға тәттілер тарту етті.
Балаларға қуаныш сыйлаған әріптестерімізге қызметтеріне сәттілік, абырой тілейміз.