Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері “Құрбан айт” кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қадағалауда

Атырау полицейлері “Құрбан айт” кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қадағалауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының №58 Қаулысына сәйкес, Атырау қаласына кіре берістерде қала аумағына құрбандыққа шалынатын ірі және уақ малды әкелуді болдырмау бойынша Атырау-Астрахань тас жолының Қара өзек, Атырау -Орал тас жолының Береке ауылы, Атырау -Доссор тас жолының телемұнара, Атырау-Индер тас жолының Ақжар поселкесі тұстарында мобильді бекеттер қойылды.

Сонымен қатар, БҚО-мен шекаралас Атырау-Орал тас жолының  Аққала елді мекені тұсында да мобильдік бекет қойылды.

– Азаматтарды облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді және Құрбан айт мерекесі күндері іс шараларды өткізуге тиым салу туралы қаулы талаптарын орындауға шақырамыз.

Бұған дейін жарияланған, пандемия жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтаған дұрыс, – деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы  Қамза Үмбетқалиев.

Полиция қызметкерлері халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, мал базарларының жанында адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыс полицейлері азаматтарға карантин режимі жалғасып жатқанын және санитарлық нормаларды қатаң сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.