Атырау полицейлері жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған ер адамды ұстады
Атырау полицейлері жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 ақпан күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп тиым салынған синтетикалық есірткіні сақтаған күдіктіні ұстады.
– Белгілі болғандай, 46 жастағы ер адам өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі заттарын сақтаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, 907,12 грамм марихуана және 51,12 грамм гашиш есірткісі табылып, тәркіленді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 46 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.