Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау тұрғындарын 5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Атырау тұрғындарын 5 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қараша мен 3 желтоқсан күндері Атырау қаласының полициясына қала тұрғындарынан алаяқтық фактісі туралы өтініш келіп түсті. Анықталғандай, белгілі бір әйел 34 жастағы қала тұрғынына 6 қымбат ұялы телефонды арзан бағаға алып беремін деп 2,1 млн теңге, 31 жастағы тұрғынға тұрмыстық техниканы алып беремін деп 1,6 млн теңге, 27 жастағы қала тұрғынына телефон алып беремін деп 498 мың теңге, 18 жастағы тұрғынға 3 телефон алып беремін деп 1,1 млн теңге ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп алған. Шығын көлемі – 5 млн теңгеге жуық.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде 45 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру