Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жітіқарада жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған

Жітіқарада жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жітіқара қаласында полиция қызметкерлері қолдан ұйымдастырған ұрлықты ашты. Жанармай құю станциясының қызметкері 600 мың теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болған. Қылмыстың ашылуы туралы Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-те айтып берді.

– Бүгін таңертең Жітіқара полиция бөлімінің “102” пультіне жанармай құю станциясының бірінде операторға қатысты күш қолданамын деп қорқытқан белгісіз ер адамның кассадан 600 мың теңгеден астам ақша ұрлап кеткені туралы хабар келіп түсті, – деп хабарлады Ерлан Омарбеков.

Оқиға орнына бірнеше минут ішінде келген жедел-тергеу тобы шықты. Оқиға орнын тексеру және жанармай операторына сауалнама жүргізу кезінде полиция қызметкерлерінде берілген ақпараттың дұрыстығына негізделген күмән туындады. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз өзіне ақша иемдену үшін қылмыс жасалғанын мойындады. Қомақты қаражат қайтарылды.

Қазіргі уақытта полиция “Жалған ақпарат тарату” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру