Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер Абай облысынан көлік ұрлаған күдіктіні ұстады

Жамбылдық полицейлер Абай облысынан автокөлік ұрлаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ұрланған көлік бірнеше күннен кейін басқа өңірден табылды.

8 желтоқсанда Чарск қаласының 62 жастағы жергілікті тұрғыны полицияға жүгінді. Ер адам сағат 16:00 шамасында белгісіз адам оның Chevrolet Cobalt көлігін ұрлап, қашып кеткенін хабарлады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автокөліктi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйым із иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар барлық Полиция департаментіне жолданған.

10 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері және Меркі АПБ учаскелік полиция инспекторлары “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” республикалық маңызды автожолының 347-шақырымында бағдарда көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында 33 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттары жоқ екендігі және көліктің Чарск қаласынан ұрланғандығы анықталды.

Қазіргі таңда Меркі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Абай облысы Полиция департаментіне істi өткiзу бойынша құжаттар жинаа жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру