Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды

Атырауда 9 адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласы аумағында түрлі атыс қаруларын заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысқан 9 адамды анықтап, ұстады. Олар 23-27 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары.

Тексеру кезінде 26 жастағы күдіктіден серия нөмірі өшірілген тапанша, ал 25 жастағы күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан үйлердің бірінде орналасқан қоймадан  үш атыс қаруы мен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазіргі таңда бір атыс қаруы өткен жылы Алматы қаласында орын алған пәтер ұрлықтарының бірінде жоғалған қару ретінде тіркелгені анықталды, тәркіленген барлық қаруға сараптама тағайындалды.

Күдіктілердің екеуі бұрын да қарумен жасалған бұзақылық фактісі бойынша істі болғандығы айқындалды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру