Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаулықтан психотроптық заттар табылды

Көкшетаулықтан психотроптық заттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында операция жүргізу барысында ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша, оның жүргізушісі синтетикалық есірткілерді “қойып кету” жолымен айналысады.

30 жастағы жүргізушіні санкцияланбаған тінту барысында күртешенің оң жақ сыртқы қалтасынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар зат (шамамен жалпы салмағы 40 грамм болатын “пиралерон” психотроптық заттың аналогы) бар 60 дана көлемінде оқшаулау лентасымен оралған “ziplok” полиэтилен қалташалары бар көк оқшаулағыш лентамен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша тағы екі ұқсас зат салынған пакет, сондай-ақ электронды таразылар, қызыл, қара және көк түсті оқшаулау ленталары, “ziplok” пакеттері табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ, есірткі полицейлері SAMSUNG А 11 ұялы телефонын тәркіледі, ол арқылы күдікті өзінің қылмыстық әрекетін тіркеген.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп түйіндеді Ақмола облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мейрам Жапбасов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру