Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға 200-ге жуық оқушы қатысты

Атырауда есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға екі жүзге жуық оқушы қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен “Мен есірткісіз өмірді таңдаймын” атты іс-шара өтті. Шараға нарколог маманы Самғат Каюпов және Қызыл-Ай қоғамдық бірлестігінің басшысы Әсия Кульжанова және тамашалауға 200-ге жуық оқушы мен ата-аналар қатысты.

Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің таралуына және олардың синтетикалық түрлеріне қарсы күрес шараларын күшейту.

Береке ықшам ауданында орналасқан №42 орта мектебінің ауласында өткен іс-шарада Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов және Марьана Джангалиева балаларға синтетикалық есірткі заттарындағы қауіптілік туралы айтып берді. Сондай-ақ, нақты мысалдар келтіріп, балаларды есірткі заттарымен байланысты нәрселерге бой алдырмауға шақырды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама дайындап, шара барысында ұйымдастырылған сурет байқауында бақ сынады. Оқушылар​ бояулардың арқасында есірткіге деген жағымсыз көзқарас пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін өздерінің ойларын білдірді. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар таратылды.

– Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында синтетикалық есірткінің қоғамда, әсіресе өскелең ұрпақ арасында таралуына алаңдаушылық білдірді. Кез келген ата-ана балаларының​ болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамау керек. Бүгін біз ата-ана ретінде жауапкершілік туралы сөйлесеміз. Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болуды басты назарда ұстап, нашақорлыққа қарсы іс-шараларды кеңінен ұйымдастыруымыз керек. Бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды деп есептейміз, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру