Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда карантин режимін бұзған мейрамхана анықталды

Атыраулық полицейлер 100-ге жуық адамдық іс-шара өткізуге жол беріп, карантин талаптарын бұзған мейрамхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні сағат 16:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы және қала әкімдігі қызметкерлерінен құралған мониторингілеу тобы Баймұханов көшесінде орналасқан “Сұлтан Холл” мейрамханасында 100-ге жуық адамның қатысуымен іс-шара өткізіліп жатқанын анықтады. Айта кететіні, бұл мейрамхананың әкімшілігі тарапынан бұған дейін де карантин режимін бұзуға жол бергені анықталған болатын.

Аталған дерекке қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданатын болады.

Айта кетейік, Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларын, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және ойын-сауық орталықтары мен көңіл-көтеру орындарында өткізуге тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру