Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Контрафакт” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Қызылордалық полицейлер контрафактілік дискілерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Контрафакт” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері контрафактілік өнімдерді сатумен айналысқан 34 және 35 жастағы азаматтарды ұстады.

Оқиға орнынан 71 DVD диск табылып, тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабының 2 бөлігімен (Авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Егер күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, оларға сот шешімімен 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру