Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік айдап кеткен кәмелет жасқа толмаған бала ұсталды

Атырауда көлік айдап кеткен кәмелет жасқа толмаған бала ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні сағат 01:40 шамасында Береке ауылында патрульдік полиция қызметкерлері “Daewoo Damas” маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісі мен  жолаушысының 17 жастағы жасөспірімдер екендігін анықтады. Олар Мақат ауданы және Береке ауылының тұрғындары. Көлік басқарған жасөспірімнің айтуынша, нағашы ағасының көлігін досын үйіне апарып тастау үшін айдап кеткен.

Аталған оқиға бойынша кәмелет жасқа толмаған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ) әкімшілік хаттама толтырылып, оның анасына 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жасөспірімнің 1981 жылы туған нағашы ағасына көлік құралын басқаруға құқығы жоқ азаматқа көлік құралын басқаруға бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен (Басқару құқығы жоқ адамға (белгiленген қағидаларға сәйкес жүргiзуге оқыту жағдайларын қоспағанда) не көлiк құралын басқару құқығынан айрылған адамға көлiк құралын басқаруға беру) әкімшілік хаттама толтырылып, 145 850 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргендері үшін ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларымен олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру