Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қала тұрғынының 1,5 млн теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды

Шымкентте қала тұрғынының бір жарым миллион теңгесін алдап алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.2021 жылдың 6 мамыр күні Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Белгілі болғандай, ер-азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, жанармайын арзан бағаға сатып алып, оны қымбат бағаға сатып бизнеспен айналысамыз деп алаяқтық жолмен 1 500 000 теңгеден астам ақшасын алып, қайтармай жүрген.

Шымкент ҚПД Абай АПБ Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шарасын жүргізу барысында күдіктінің мекен-жайын анықтап, ұстады. Аталған жайтқа қатысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша ұсталған ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру