Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ жүргізуші мас күйінде ұсталды

Атырауда көлік басқару құқығы жоқ жүргізуші мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазан күні сағат 02:45 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Береке мөлтек ауданында орналасқан “Арна” жанар жағармай тұсынан Ваз 2114 маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында аталған автокөліктің 27 жастағы жүргізушісінің ішімдік ішкен күйінде көлік басқарғандығы анықталып, оның бұрын соңды да мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болған.

Аталған дерек бойынша 27 жастағы азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері дәл осылай көлік басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде көлік жүргізген 27 жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабының 1,2-бөліктерімен қылымыстық іс қозғалып, олардың 23-не бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шыққан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру