Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер алма бағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты

Атырауда полицейлер алма бағын абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Жеңіс саябағындағы алма бағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары ағаштардың түбін қопсытып, аумақты қоқыстан тазартып, жас көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарына белсенді атсалысты. Табиғатты қорғауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған игі шараға қатысушылар туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсетті.

Жеңіс саябағындағы жайқалған алма бағы – табиғатқа деген жанашырлықтың, ортақ еңбектің және келер ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Осындай бастамалар арқылы полиция қызметкерлері қоғамға үлгі көрсетіп, туған жердің тазалығы мен көркеюі әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

– Бүгінгі абаттандыру жұмыстары арқылы біз табиғатқа деген жанашырлығымызды іс жүзінде көрсеттік. Бұл тек аумақты тазарту ғана емес, өскелең ұрпаққа өнеге болатын игі іс. Жеңіс саябағындағы алма бағының жайқалып өсуі – бірлескен еңбектің нәтижесі. Мұндай бастамалар туған өлкеміздің одан әрі көркейіп, экологиялық мәдениеттің нығаюына ықпал етеді деп сенемін, – деді Азамат Каштенбай.

Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру