Атырауда полиция қызметкерлері қан тапсырды
Атыраулық тәртіп сақшылар қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 6 қазанда Жылжымалы қан орталығының қызметкерлері облыстық полиция департаментіне барды. Медициналық тексеруден кейін, полицейлер қан тапсырды.
Департаментте «Донорлар күні» жылына екі-үш рет өткізіледі. Біздің қызметкерлер өз жұмысында үнемі экстремалды жағдайларға куәгер болып, қан тапсырудың басқа адамның өмірін сақтауға себеп болатынын жақсы біледі, сондықтан полиция қыметкерлері қан тапсыруға белсенді ат салысады, – дейді Департаменттің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Шаеденов.