Атырауда ҚАЖ қызметкерлерінің арасында психологиялық-интеллектуалдық сайыс өтті
Атырауда ҚАЖ қызметкерлерінің арасында психологиялық-интеллектуалдық сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы бойынша аға инспектор-психологы А. Орнабиденованың ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің арасында психологиялық-интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайысқа төрт мекеме қатысты. 25-30 жас аралығында үш қызметкерден құралған төрт команда бақ сынасты. Сайыс жеті кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңнің өз талаптары болды.
Сайыста Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қ. Шонаев төрағалық етті. Бұл сайыстың мақсаты – әр мекеменің жеке құрамын жұмыстағы мәселелерден уақытша көңілін аулап, көңіл-күйлерін көтеріп және ұжымның бірлігін арттыру. Сайыстың әр кезеңінде мекеме қызметкерлерінің интеллектуалды ойлау қабілеттері сыналып, шешім шығару жағынан бәсекеге түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша III-ші орынды пробация қызметі, II-ші орынды УГ-157/1 (ТИ) мекемесі, I-ші орынды УГ-157/11 мекемесі, ал бас жүлдені УГ-157/9 мекемесі қанжығаға байлады. Сайыс соңында мекеме қызметкерлері марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.
– Мұндай сайыстар жеке құрамның жұмыс жасауы үшін жақсы әсер ететінін, қызметкерлердің жан-жақты әрі тез ойлау қабілетін және келеңсіз жағдайда шешім табуға, интеллектуалды дамуына көп көмегі тигізеді. Алдағы уақытта осындай шараларды жиі ұйымдастыратын боламыз, – деді департамент бастығының орынбасары Қ. Шонаев.