Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда синтетикалық есірткі сақтаған өзге облыстың тұрғыны сотталды

Атырауда 1500 доза есірткі сақтаған өзге облыстың тұрғыны 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылы Атырау қаласына келіп, есірткі заттарын жасырын тығу арқылы саудаламақ болған 25 жастағы Алматы облысының тұрғынын анықтап, ұстаған. Тексеру кезінде күдіктіден қара нарықтағы құны 22 млн теңге шамасында болатын 1500-ге жуық доза синтетикалық есірткі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 25 жастағы күдіктінің қылмыс жасаудағы кінәсі толық дәлелденді. Күдікті Атырау қаласында Telegram әлеуметтік желісінде есірткі затын жасырын әдіспен таратушы болып жұмыс жасап бастаған.

Қазіргі таңда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған өзге облыс тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру