Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ЖҚАЖ қызметкерлері қаза тапқан әріптестерінің отбасына барып қайтты

Қайырымдылық күні қалалық полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкерлері мезгілсіз өмірден озған әріптесі Қарабай Ерланның шаңырағына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция майоры осы жылдың ақпан айында көз жұмған, артында 3 баласы қалды.

Бұл күні біз, әлбетте, әріптесіміздің шаңырағына құр қол келмедік. Өйткені, өзара көмек қолын созу әрқашан да құнды және қиындықтарды жеңуге ыңталандырады, – дейді офицерлер.

Е. Қарабай ішкі істер органдарындағы қызметін 2009 жылы бастап, өзіне жүктелген міндетті абыроймен орындаған.

– Ерлан елін шексіз сүйген, халқы үшін адал қызмет атқарып, туған жердің тыныштығын кірпік қақпай қорғаған үлгілі полицей болатын. Әріптестерінің ортасында сыйлы, өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқаратын батыл болмысты азаматтың қадірлі бейнесі мәңгі жадымызда сақталады, – деп еске алды жасақ жауынгерлері.

Айта кетейік, бүгін – жылулық пен қамқорлыққа толы күні мегаполистің тәртіп сақшылары да шетте қалмай, мұқтаж жандарға барынша көмек қолын созып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру