Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

Түркістан полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел шағымданды. Оның айтуынша, кешкі сағат 18:00 шамасында жасөспірім қызы үйінен ешкімге ескертпестен, белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жақындары іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары жоғалған 14 жастағы қызды бірден іздеуге кірісті. Жасөспірім қыздың баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысының нәтижесінде жасөспірім қыз саябақта қыдырып жүрген жерінен табылды.

Тәртіп сақшылары табылған қыздың анасымен ұрысқан соң үйінен қашып кетіп, достарының үйінде түнегені белгілі болды. Қазіргі таңда жас қыз аман-есен отбасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қыздың анасы алғысын білдірді.

Полиция қызметкерлері қыз бен оның жақындарына профилактикалық әңгімелесу жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру