Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда сотталғандардың шығармашылығын дамытуға бағытталған "Жаңа белес" жобасы басталды

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен "Қазақия" қоғамдық қоры арасында жасалған меморандум негізінде №79 мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған "Жаңа белес" жобасы жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – сотталған азаматшалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың қолөнер және көркемөнер саласындағы дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға ықпал ету.

Жоба аясында қатысушыларға сурет өнері, киіз басу, шашақпен тоқу, былғарымен жұмыс істеу және кимешек тігу сияқты қолөнер түрлері бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

Жобаның алғашқы күнінде қатысушылар көркемсурет өнері бойынша ұйымдастырылған сабаққа қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды. Сабақ барысында бейнелеу өнерінің негізгі әдіс-тәсілдері түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар орындалды.

Жоба 15 шілдеге дейін жалғасады. Оқу курсын толық аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталатын болады.

Аталған бастама сотталған азаматшалардың әлеуметтік бейімделуіне, шығармашылық әлеуетін арттыруға және олардың болашақта жаңа мүмкіндіктерге қадам жасауына жол ашуға бағытталған маңызды жоба болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру