Атырауда су айдындарындағы түнгі қауіпсіздік күшейтілді
Атырау қаласында тұрғындардан келіп түскен шағымдарға байланысты су айдындарындағы патрульдеу жұмыстары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері түнгі уақытта су көліктерін пайдалану кезінде қоғамдық тәртіптің, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.
Профилактикалық іс-шаралар барысында су көлігі иелері мен тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, белгіленген тәртіпті бұзбау және өзге азаматтардың тыныштығына құрметпен қарау қажеттігі түсіндіріледі.
Полиция қызметкерлері су айдындарында профилактикалық және бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады. Қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Полиция азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
