Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда тұрғын үйге ұрлыққа түскен екеу ұсталды

Атыраулық полицейлер біреудің үйінің есігін бұзып кіріп, мүлкін қолды еткен екеуді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық полицейлерге телефон шалған тұрғын белгісіз біреулердің Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан үйінің есігін бұзу арқылы кіріп, 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторын және 250 метрлік кабелін ұрлағаны жөнінде арызданған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер мән-жайды анықтап, бейнекамералардың көмегімен тұрғын үйге ұрлыққа түскен екі қала тұрғынын ұстады. Жәбірленуші азаматқа барлығы 47700 теңге көлемінде залал келтірген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру