Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жол жүру ережелерін бұзған 3276 жүргізуші жауапқа тартылды

Атыраулық полицейлер бейнекамералар көмегімен төрт мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының қызметі бір секундқа да тоқтамайды. Өйткені, барлық жедел ақпарат келіп түседі. 

Атырау қаласының аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.

– Мәселен, 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 49 қылмыс және 4213 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық, сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі – алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, темекі тұқылдарын, тұрмыстық қоқыстарды тастау, карантин режимінің шектеулерін орындамау және басқа да бұзушылықтар, – дейді Жедел басқару орталығының бастығы Алтынбек Кайрлиев.

Ағымдағы кезеңде Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен жол жүру ережелерін бұзған 3276 жүргізуші, рұқсат етілмеген жерлерде алкогольді ішімдік ішкен 187 адам, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша 646 адам анықталып, барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру