Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 2,5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада 2,5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына үш облыс орталығының тұрғыны ақшасын қайтаруға арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз біреу үш азаматшаны алдау арқылы несие алдыртып 2,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 

Көп ұзамай жәбірленушілер алаяқтан ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ, ақшасын алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпайды.

Басқарманың жұмыста тәжірибесі мол қызметкерлерінің арқасында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы қала тұрғыны құрықталып, өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Күдіктіге қатысты, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амадары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру