Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраудың бас полицейі Паралимпиаданың күміс жүлдегерлерін айтулы жеңістерімен құттықтады

Атыраудың бас полицейі Паралимпиаданың күміс жүлдегерлерін айтулы жеңістерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев Токио-2020 Паралимпиадасында нәтижелі өнер көрсетіп, парадзюдодан жүлделі екінші орынды жеңіп алған Атыраулық спортшылар Ануар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина, Парадзюдодан Қазақстан Республикасы құрама командасының бас жаттықтырушысы – Жандос Қияновпен кездесті.

Кездесу барысында ПД бастығы Паралимпиада жүлдегерлерін айтулы жеңістерімен құттықтап, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

– Сіздердің жеңістеріңіз бүкіл әлем алдындағы Қазақстанның мақтанышы, беделі, абыройы. Бұл өз кезегінде, өскелең ұрпақтың жаппай спортпен айналысуларына жаңа серпін береді және елдегі спорттың дамуына зор әсерін тигізеді, – деді Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру