Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер 50-ге жуық жоғалған жасөспірімді тапқан

Атыраулық полицейлер 50-ге жуық белгісіз бағытқа жоғалып кеткен жасөспірімді тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтыр Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына жасөспірім балаларының үйінен шығып, қайта оралмағандығы бойынша 46 арыз келіп түскен. Абырой болғанда барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері аман-есен тауып, ата-аналарына табыстаған.

– Үнемі жоғалатын жасөспірімдер де бар. Мәселен, бір жеткіншек үйінен үш рет кетіп, қайта оралғысы келмеген. Қаңғыбастықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, ол ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жалпы жасөспірімге қай уақытта да ата-аналар жауапты болуы керек деп есептеймін, – дейді ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Азамат Қарамұратов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру