Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер карантин талаптарын бұзған 10-нан астам кәсіпкерлік нысанын анықтады

Атырау қаласы Полиция басқармасы және қала әкімдігі қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ 26-28 наурыз аралығында карантин режимін бұза отырып, отбасылық іс-шаралар өткізген 10-нан астам кәсіпкерлік нысанын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, 27 наурыз күні күндізгі уақытта Томарлы кентінде орналасқан “Нұрай”, Рембаз кентінде орналасқан “999”, Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан “Аспандияр”, Атырау шағын ауданында орналасқан “Granada”, Жұлдыз шағын ауданында орналасқан “Сұлтан Плаза” мейрамханаларының ішінде той өткізіліп жатқаны анықталған. Тексеру кезінде аталған мейрамханалардың ішінде 50-ден 150-ге дейін қонақ болған.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған құжаттар Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру